Теректі ауданының қоғамдық өкілдері сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін дамыту мәселесін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі ауданының Достық үйінде «Медиация тәжрибеде» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара судья М.Құсайыновтың төрағалығымен, Теректі ауданы ауылдық округтерінің кәсіби және кәсіби емес медиаторларының, құқық қорғау органдарының, білім басқармасы, БАҚ және ҮЕҰ-дар «Ардагерлер қауымдастығы» ҚҚ, «Қоғамдық қызмет көрсету, банктік ұйымдар және мемлекеттік жұмысшылардың кәсіби бірлестігі» ҚҚ, «Әйел. Қоғам. Болашақ» ҚҚ-ның қатысуымен өтті.

Судья М. Құсайынов Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосылғанын баяндады. Кездесуде қатысушылар пилоттық жобамен, оның міндеттері және артықшылықтарымен, сондай-ақ, пилоттық жобаны міндетті қолдану қажет істер санатымен танысты.

Бұнымен қоса қатысушыларға «Медиация туралы» ҚР Заңының номаларын және медиативтік келісімнің сапасы туралы түсіндірілді.

Қоғамдық қауымдардың өкілдері жергілікті халықтың медиация рәсімдері туралы тиісті деңгейде құлақтандырылмағанын айтып, «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын және оның тиімділігі туралы жергілікті халық арасында түсіндіру жұмыстырын жүргізу бойныша өздерінің көмектерін ұсынды.

Отырыс соңында, қатысушылар қоғамдағы дау-жанжалды төмендетуге бағытталған республика соттарындағы пилоттық жобамен таныстырғандарына алғыстарын білдірді.

          

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі