Теректі аудандық сотында маңызды мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2 соты «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  іске асыру жолдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға ауылдық округтерінің әкімдері, ауылдық округтердің кәсіби емес медиаторлары қатысты.

Жиын барысында семинар сабағына қатынасушыларға даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже туралы жан-жақты түсіндірілді.

Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде қатысушылар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады.

Сот төрағасы И.Ниязғалиев «Қазақстанның үшінші жаңғырту» шеңберінде елде Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртумен орын алған кең ауқымдағы  реформалар басталды. Бұл еліміздің әрі қарай саяси және экономикалық жаңаруына негіз болады. Елбасымыз таяу жылдары басталмақ, бірнеше нақты жобалар ұсынды.

Кездесуге қатынасушылар  қазіргі заманғы мемлекеттің дамуына бағытталған жобаларды жан-жақты зерделеді және талқылады.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі