Теректі аудандық соты 2014 жылдың жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Батыс Қазақстан облысының Теректі аудандық сотында аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің журналистерінің қатысуымен 2014 жылдың жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы болды.

Көрсетілген мерзім ішінде сот өндірісіне 17 қылмыстық іс түскен. Оның  11 үкім шығарылып, 3 қылмыстық істің 2-і жәбірленушімен келісімге келуіне байланысты (1 қылмыстық іс медиация бойынша), ал 1 іс басқа да мән жағдайларға байланысты қысқартылған. Соттылығы бойынша 2 қылмыстық іс басқа соттарға жолданса, 1 іс іздеу салынуына байланысты тоқтатылып, прокурорға қайтарылды.

Есепті мерзімде сот 3 жеке қаулы қабылдады. Апелляциялық сатыға 3 қылмыстық іс жолданып, өзгеріссіз қалдырылды.

2014 жылы 491 тұлғаға қатысты  491 әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша 11 жеке қаулы қабылданды. Апелляциялық сатыда 3 әкімшілік іс қаралып, 1 іс өзгертіліп, 2 іс өзгеріссіз қалдырылды.

Сонымен қатар, 678 азаматтық іс аяқталды. Азаматтық іс бойынша апелляциялық сатыда 14 іс қаралып, оның 1 бұзылып, 3 іс өзгертіліп, 10 іс өзгеріссіз қалдырылды. Азаматтық істер бойынша 15 іс медицация бойынша қаралды.

Статистикалық көрсеткіштерке сәйкес, 2014 жылы түскен және қаралған азаматтық және әкімшілік  істердің  саны өсіп отырғаны байқалады.

Сонымен қатар, аудандық сотта «Сот кабинеті» және  ҚР МО БӘҚАЖ (ЕСЭДО) сияқты жаңа технологияларды ендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге жаңа ендірімдерді халыққа түсіндіру жұмыстары атқарылды. Сот кабинеті қызмет жүйесі арқылы 108 талап арыз, ал, БӘҚАЖ (ЕСЭДО) арқылы 115 құжат тіркелді. Талап арыздар мен шағымдар бойынша 290 талон берілді.

Баспасөз конференциясын қорытындылау барысында сот төрайымы сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар, сонымен қатар, 2015 жылға жұмыс жоспары жөнінде айтты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі