Теректі аудандық №2-ші сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық № 2 сотының төрағасы Ибрагим Ниязғалиев сот ғимаратында  тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті жоғарлату, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру және сот әділдігіне қол жеткізу бойынша «Ашық есік күнін» өткізді.

Кез келген азамат осы күні сотқа келіп өзін толғандырып жүрген сұраққа жауап ала алады. Төрағаның қабылдауында мүлікті жария ету арызының тәртібі мен мерзімі мәселелері бойынша Ақсоғым ауылының тұрғыны А.Корбанов болды. Сонымен бірге Ақжайық ауылының тұрғындары А.Куанышев еңбек өтілін анықтау бойынша, ал азамат К.Ғұмаров бережақты өндірту мәселелері бойынша түсінік беруді сұрады.

Сот төрағасы, азаматтардың барлық сұрақтарына заңнама тұрғысынан түсінік беріп, жаңа технологияларды пайдаланып, «Сот кабинеті» қызметі арқылы талап арыздың берілу тәртібін, сонымен қатар азаматтық және қылмыстық істер қарауда медиативтік келісімді бекіту, татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары, медиативтік рәсімдерді қолдану туралы айтып берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі