Тасқала ауданында бірлескен ыңтымақтастық туалы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық әкімиятының кіші залында  аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы  С.Р.Есжанов пен Тасқала ауданы әкімі С.Ж.Әлиев өзара бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты сотқа дейінгі дауларды шешу, соттағы татуластыру рәсімдерін жанжақты дамыту мен енгізу мақсатында өзара іс-қимылды нығайту, соттың іс жүргізуінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану және алқа заседательдердің тізімін жасақтау бойынша ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Меморандум қол қойылған кезден бастап күшіне және қолданысқа енеді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақапараттық қамтамасыз ету бөлімі