Тараптардың бітімгершілік келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шаруа қожалығының басшысы ЖШС-нен берешек сома мен өсімпұл өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, тараптардың арасында жасалған шарт бойынша жауапкердің жалға алған арнайы техникасын пайдаланғаны үшін ақы төлеу туралы міндеттемесін тиісінше орындамағанын көрсеткен.

Сотта істі қарау кезінде тараптар өздерінің бітімгершілік келісімге келгені туралы мәлімдеді. Ол бойынша жауапкер берешек сомасын өз еркімен өтеген, ал өсімпұл сомасын 2016 жылдың 31 тамызына дейін төлеуге міндеттенеді.

Сот бітімгершілік келісімнің тараптардың өз еріктерімен жасалғанын, заңға қайшы келмейтінін, басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтынын ескеріп, оны бекітті. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Сондай-ақ, Азаматтық процестік кодекстің 115-бабының 2-бөлігіне және Салық кодексінің 548-бабының 1-тармағының 1-3)-тармақшасына сәйкес төленген мемлекеттік баж сомасы талапкерге бюджеттен қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: