Судьялықтан үміткерлерге көзқарастарыңызды білдіріңіз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық соты соттардың беделін арттыру, олардың қызметіндегі жариялылықты, ашықтық пен демократиялық бастауларды кеңейте түсу жөніндегі шараларды жүзеге асыра отырып, біліктілік емтихандарын тапсырған және қалалық, аудандық соттардағы бос тұрған судьялық лауазым конкурсына қатысуға үміткер тұлғалардың іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қасиеттерін терең зерттеудің қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік қызметшілер – судьяларға мемлекеттік талапты күшейту, олардың кәсіби біліктілігі, отаншылдығы, тәртібі, моральдық және адамгершілік бет – бейнесі жөніндегі ұстанымдарды орындау мақсатында судьялықтан үміткерлердің тізімдерін жариялай отырып, жұртшылықтан аталған үміткерлердің әрқайысы жөніндегі көзқарастарын, ұсыныс – тілектері мен сын-ескертпелерін күтеді.

1.         Әбілқаримова Альбина Тельманқызы – 1976 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

2.         Адушева Венера Шадиярқызы – 1971 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

3.         Алдияров Ермекбай Сарбасұлы – 1963 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Жұмыста жоқ;

4.         Асқаров Жомарт Асқарұлы – 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары;

5.         Батырғалиева Гүлфия Өтегенқызы – 1967 жылы Батыс Қазақстан облысының, Тасқала ауданындағы, Ақтау кентінде дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ұйымдастыру талдау бөлімінің  бас маманы;

6.         Жұмаева Мәншүк Мұхамедқызы – 1979 жылы Өзбекістан Республикасында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

7.         Дюсингалиев Асланбек Шәріпұлы – 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары;

8.         Құспанов Алтынбек Жақсылықұлы – 1980 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсесінің бақылау және құжат айналымы бөлімінің басшысы;

9.         Наурзбаев Серік Тұяханұлы – 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

10.     Нұрғалиев Әлібек Мұратұлы – 1980 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Сырым аудандық соты кеңсесінің кеңсе меңгерушісі;

11.     Сарсенова Багдагүл Жолдыбайқызы – 1968 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

12.     Тұрманов Руслан Рухоллаұлы – 1976 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: «Каст компани» ЖШС заң кеңесшісі;

13.     Уразгалиева Самал Қуанышқызы – 1975 жылы Батыс қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Шыңғырлау аудандық соты кеңсесінің бас маманы –сот мәжілісінің хатшысы;

14.     Шайдиева Шынаргүл Амантайқызы – 1982 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданындағы Қаратөбе кентінде дүниеге келген. Қызмет орны:  Бөрлі аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі;

15.     Шукиров Мереке Өтепқалиұлы – 1976 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

16.     Шүренова Ұлдай Марленқызы – 1983 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны:  Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ұйымдастыру талдау бөлімінің бас маманы;

Ұсыныс – тілектеріңізді Орал қаласы, Достық даңғылы, 204 мекен – жайына орналасқан Батыс Қазақстан облыстық сотына жолдауыңызға, немесе 51-09-03 телефонына хабарласуыңызға болады. Пікіріңіздің беймәлімділігі мен дербестігіне кепілдік беріледі.