Судьялардың этикалық нормаларды сақтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БҚО облыстық сотының судьялары Т.Уразова және  Л.Ұстағалиеваның қатысуымен «Судьялардың этикалық нормаларды сақтау» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Кабылданған жаңа Судья әдебі кодексі мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бес институционалдық реформаларды іске асыру үшін 100 нақты қадам» жоспарының 19 қадамында қамтылғын.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Л.Ұстағалиева өз сөзінде судьялардың сот төрелігі жүйесінің коғамның сенімін нығайту үшін мінез-құлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, ықпал етуге міндетті деген болатын. Сот ісін жүргізу деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету, сыпайылық пен эмоцияларды ұстай білу секілді әрекеттерді түсіндіріп өтті.

Әлбетте, судья жұмысының сапасы, олардың кәсіби біліктілігіне байланысты және сот төрелігінің сапасын қамтамасыз ету үшін сот билігінің, сот жұмысының беделіне тікелей әсер етеді. Судья әдебінің кодексі судьялардың жоғары деңгейде өз шеберліктерін қолдану үшін судья туралы міндет жүктейді, өз білімдерін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Іс-шара соңында судья үздіксіз өзін-өзі оқыту, біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінің қаулысында жаңа Судья әдебі қодексі қабылданғаны тағы да аталып өтті.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар