Сот жеке сот орындаушысының ұсынысын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының 45-бабына сәйкес, сот орындаушысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен экономикалық қылмыс қызметі және  Ішкі істер органдарына  борышкердің тұрған мекен-жайы белгісіз болған жағдайда,атқару құжатының орындалу орны бойынша іздестіру жариялау туралы  ұсынысы  арқылы,сотқа жүгінуге міндетті.

Осындай бір ұсыныс  Тасқала аудандық сотында қаралды.

Жеке сот орындаушысының  өндірісінде «К»  есімді борышкерден кәмелетке толмаған баласына  253 920 теңге мөлшерінде  алимент өндіру туралы атқару құжаты бар екені анықталды.Ер адам еш жерде тіркеуде болмауына және мекен-жайы белгісіз болуына байланысты  жеке сот орындаушысы іздестіру жариялауды сұрады.

Сот, іс құжаттарын зерттеп, жеке сот орындаушысының борышкерге іздестіру жариялау туралы ұсынысын қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі