Сот жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті  БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел – құтқару жасағы»  ММ-нің ЖК-ні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы  талап арызын қарады.

Сотта анықталғандай, ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік сатып алу қорытындыларына сай, сәуір айына дейін 100 дана  «Карабин автомат дюраль»  тауарын жеткізуге жеңімпаз болып танылып, тараптар арасында келісім  шарт  жасалған.

Алайда, жауапкер талапкерге қаржылай қиыншылықтарға байланысты келісім шарттарын орындаудан бас тартатыны туралы хат жолдаған.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабына сай, жауапкердің мемлекеттік сатып алу шарты бойынша өз міндеттерін орындамағанын ескеріп, сот талап арызды қанағаттандырды, жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: