Сот үкімін орындамай, істі болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шыңғырлау аудандық сотында ҚР ҚК-нің 430 б. 1 б. (заңды күшіне енген сот үкімін алты айдан астам орындамау)  туралы қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М. Горшунов 2015 жылы полиция қызметкерін балағаттағаны үшін сотталып, оған 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы кесілген.

Аудандық пробация қызметімен сот үкімін орындау қажеттігі туралы өткізілген түсіндірме жұмыстары өткізілген, алайда сотталышы сот  үкімін орындаудан бас тартқан.

Сот М.Горшуновты ҚР ҚК-нің 430-бабы 1-бөлімімен айыпты деп танып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауға үкім етті.

Сот сотталушыға жазаның түрін және көлемін тағайындауда  жасалған қылмыстың сипатын, атап айтқанда, сотталушының жеке басын, мүліктік жағдайын, тұрғылықты жері бойынша сипаттамасын ескерді.

ҚР ҚК-нің 53-бабына сай, сот сотталушының кінәсін шын жүректен мойындап, жасағанына өкінуін жауапкершілікпен жазаны жеңілдететін мән жай деп тапты.

Сот жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайларды таппады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі