Сот төрайымы Бөкейорда ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкей ордасы аудандық сотының төрайымы Г.Т.Сагитова Ұялы ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратында ауыл әкімі Б.Оразғұловпен және кәсіпқой емес медиатор  М.Мұхамжаровамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрайымы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын одан әрі іске асыруға айрықша назар аударылып отырғанына тоқталып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген Қазақстан Республикасы Судьяларының 7 съезінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидың қойған соттардың ақпараттық ашықтығын арттыру, жұртшылықпен және БАҚ-пен жұмысты күшейту міндеттерін айтып өтті. Сонымен қатар, төрайым Г.Т.Сагитова Жоғарғы Сот Төрағасының облыстық және аудандық соттардың төрағаларына азаматтарды жеке қабылдауды жиі өткізу туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында, ауыл тұрғындарын қабылдап, олардың проблемалық сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап беріп, алдағы уақытта сотқа жүгінулері керектігін және көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.

Ауыл әкімі және ауыл тұрғындары өткізілген кездесуден жақсы әсер, сұрақтарына толық жауаптарын алып, алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі