Сот шартты түрде мерзімінен босату туралы екі ұсынымды қанағттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық соты пробация қызметінің сотталғанға қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы 2-бөлімі «в» тармағы бойынша 3 жылға бос бостандығынан айыру жазасына, соттың қаулысымен 1 жыл 6 ай 1 күн өтелмеген бостандығынан айыру жаза бөлігі бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған және екінші сотталғанға қатысты ҚР ҚК-нің 194 бабы 2 бөлігі 1,2 тармақтарымен, 191 бабы 2 бөлімі 1 тармағы бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы ұсынысы бойынша материалдар қарады.

Пробация қызметі сотталғандары бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның үштен бір бөлігін өтегенін, тұрғылықты жерінен жағымды  мінезделетінін, жаза өтеу мерзімі ішінде қоғамдық тәртіпті бұзбағанын айтып, мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы ұсыныстарын қолдайтынын көрсетті.

ҚР ҚК-нің 1,3 тармақтары 72-бабына сай, бостандығынан айыру немесе бостандығынан шектеу жазасына сотталған тұлға, онша ауыр немесе ауырлығы орташа тағайындалған қылмыс бойынша, жазасынын үштен бір бөлігін өтеген кезде, ауырлығы ауыр қылмыс бойынша, сотпен өзінің түзелуіне қатысты тағайындалған жазанын толық көлемде өтеумеуге қажет етпейді және қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы фактілері анықталмаған жағдайда шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға жатады.  

ҚР ҚК-нің 72-бабыны басшылыққа алып, пробация қызметінің ұсыныстары қанағаттандырылды, бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігі шартты түрде мерзімнен бұрын босатылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі