Сот отырысының хатшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылғы 24 қарашадағы Департамент басшысының бұйрығымен сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио- бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио- бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу туралы  бекітілген қағидаларына сәйкес сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалануды сот отырысының хатшысы іске асырады.

Сот талқылауын кейінге қалдыру, үзіліс немесе соттың кеңесу бөлмесіне кетуі туралы хабарлаған жағдайда аудио-бейнежазба құралдарының тоқтатылуы да сот отырысының хатшысымен жүзеге асырылады. 

Бұл ретте, сот отырысының хатшылары сот отырысының аудио-, бейнежазбалар жүргізу бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған фактілері іс жүзінде орын алуда, мысалы, сот талқылау залында уақытша болмауы.

Жоғарыда аталған, жалпы, процестің ұйымдастыруына оның ішінде аудио- бейнежазба жүйесі арқылы тіркеуіне де теріс әсерін тигізеді.

Осыған байланысты, мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сот отырысы хатшыларымен аталмыш Қағиданың талаптарын бұлжытпай сақтауын және сот процесінің жүргізілуін дұрыс ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: