Сот лицензиясын тоқтатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Орал қаласында орналасқан азық-түлік дүкенінің иесі, жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сотта анықталғандай, аталмыш дүкеннің сатушысы азаматша жасы жиырма бірге толмаған, 1997 жылы туылған тұлғаға 2 бөтелке сыра сатқан.

Сот отырысында жеке кәсіпкер құқықбұзушылықты  мойындады.

ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 1-бөлігіне сай, жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу - тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сот қаулысымен құқықбұзушы «К» ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 1-бөлігімен  көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі, яғни 84 840  теңге мөлшерінде айыппұл және алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату қызметімен айналысуға  берілген мемлекеттік лицензиясын  1 айға тоқтата тұру  түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі