«Сот кабинеті» арқылы «Әкімшілік істерді жіберу бойынша оқыту семинары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Берік Басырбаев жергілікті полиция қызметкерлеріне  әкімшілік істерді «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберу бойынша оқыту семинарын өткізді.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі «Сот кабинеті» арқылы «Әкімшілік істерді жіберу» жобасы туралы айтып, әкімшілік істерді және қосымша құжаттарды жіберу тәртібін көрсетті. Сонымен бірге, сот жүйесінде заманауи технологияларды қолдану, электронды қызметтің сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі мақсатында және халыққа қолайлы болу үшін, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге жағдай жасайтындығын атап айтты.

Семинарда қатысушылар ақпараттық жүйелерді пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі