Сот иелену мерзімі бойынша жылжымайтын мүлікке меншік құқығын таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты Орал қаласының Әкіміне иелену мерзімі бойынша жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы қала тұрғынының талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

1998 жылы талап қоюшының марқұм жұбайына Орал қалалық халық депутаттарының кеңесінің атқару комитетінің ордері бойынша жатақханадан бөлме берілген, олар ол жерде осы жылдар бойы жаңұясымен бірге тұрып келген. Талап қоюшы ол мүлікпен адал және үздіксіз өзінің жеке мүлігі ретінде пайдаланып келеді, үйді қамтып таза жүргізіп, іс жүзінде 19 жылдан астам тұрып келеді. Сонымен қатар, аталған жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі жоқ, жергілікті атқарушы органның балансында тұрған жоқ, сол себептен соттан пәтерді өзіне жекелеп меншік құқығын тануды сұрады.

ҚР АҚ-нің 240 бабына сәйкес, мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке жылжымайтын мүлігіндей жеті жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жылдан адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын ала алады.

Талап арзызда көрсетілген мән-жайлар сотпен көшпелі сот отырысымен аңықталған, аталған баптың талаптарын басшылыққа алып, қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі