Сот еңбекақы берешегін өндіру туралы талап бойынша медиативті келісім бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотына аудан тұрғыны ЖШС-ден еңбекақысын  өндіру туралы талап келтіріп, 2016 жылдың мамыр-желтоқсан айларында  ЖШС-де жұмысшы ретінде еңбек еткенін көрсеткен. Келісімге сәйкес, айлық жалақысы 35000 теңгені құраған.

Талапкер өзі жұмысын адал атқарғанын, алайда соңғы екі айға жалақы алмай келгенін, жауапкер сәуір айының басында толық төлеймін деп сөзіне тұрмай, берешек сомасы 70000 теңгені құрағанын айтып, соттан өндіруді сұраған.

Сотта тараптар  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасағанын айтып, медиация туралы шарты сотпен бекітуді сұрады.

ҚР АІЖКнің 277 б. 6) тармақшасына сәйкес, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса, сот іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.  

Аталған медиативтік келісім сотпен бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі