Сот дауды бейбіт реттеу нәтежесінде тоқтатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық соты сот өндірісіне некені бұзу туралы өтінішті қабылдай отырып, тараптарға медиация тәртібімен пилоттық жобаны іске асыруды,сотқа дейінгі дауларға (қақтығыстарға) енгізуде қолдану, сот шығындарын қыскартуға мүмкіндік беретіні туралы хабарлама жіберді.

Тараптар пилоттық жобаға жағымды қарым-қатынас білдіріп, сотқа медиативтік келісім ұсынып, осы келісімді бекіту туралы өтініш білдірді.

Сот, алдын-ала зерделеп, тараптармен бітімгершілік келісімді бекітті және нәтежесінде  іс бойынша дауды шешуді тоқтатып, талапкерге төленген мемлекеттік баждың түбіртегін қайтарып берді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі