Сот бұрынғы сотталушыға әкімшілік қадағалау тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотына Тасқала АІІБ ЖПҚ бастығының бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған Тасқала ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынысы түсті.

Әкімшілік қадағалау кәнігі қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тараптарынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, олардың мінез-құлқын қадағалау түріндегі мәжбүрлеу шарасы ретінде, судьяның қаулысы негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады.Тиісті тұлғаларға қатысты  әкімшілік қадағалау орнату қажеттілігі ішкі істер органдарының куәландыратын материалдары әкімшілік қадағалау орнату негіздері болып табылады.

Іс материалдарынан анықталғандай, бұрын сотталған бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейін, өзіне тиісті қорытынды жасамай, қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған және құқыққа қарсы өмір сүруін тоқтату туралы ескертілген.

Сот жоғарыдағы жайтты ескеріп, ішкі істер органдарының ұсынымын қанағаттандырып, Тасқала ауданының тұрғынына қатысты заңмен белгіленген шектеулер қолдана отырып, 6 айға әкімшілік қадағалау орнатты. Ол сағат 23.00-ден -06.00-ге дейін уақытта тұрғынжайдан кетуге, ішкi iстер органдарының рұқсатынсыз аудан шегiнен тыс жерлерге шығуға, АІІБ ЖПҚ-не айында 3 рет тіркеу үшін келуіне міндеттелген.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі