Сот алимент төлемеген 18 тұлғаны жауапкершілікке тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотында жыл басынан бері алименттерді өндіру туралы сот актісін орындамаған 18 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдарын зерделеу барысында анықталғанындай, атқару құжаттардың орындау барысында сот орындаушылары борышкерлерге қарыздарды өтеу туралы хабарламалар жолдаған, алайда құқықбұзушылар  алименттерді өтеу үшін ешқандай шаралар қолданбаған.

Сот отырысында құқықбұзушылар кінәларын толық мойындады.

Сот көрсетілген жайттарды ескеріп, борышкерлерді ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау белгілері бойынша 16 тұлғаны әкімшілік қамаққа алу, 2 тұлғаға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі