Сот актілерін орындау мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Жұмағұловтың төрағалығымен «Сот актілерін орындау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьялары, БҚО прокуратурасының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, облыстық әділет департаментінің, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысты.

Облыстық сот судьясы Н.Ділдабеков баяндама жасап, онда кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтардың әкімшілік істер санатына көшіру қарастырылған 03.07.2017 жылғы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы жайында айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар айыппұл түріндегі және бас бостандығынан шектеу жазалары тағайындалған сот актілерін орындау барысында туындайтын мәселелерді талқылады. Атап айтқанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы бойынша Қылмыстық кодекстен алып тасталған баптармен сотталған тұлғалар жазаны орындаудан босатылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар жасақталды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар