«Рухани жаңғыру және ұлттық сана» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерген мәселелердің мәні мен маңызын айқындауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Шара жұмысына кеңсе меңгерушісі Руслан Демеуов, «Облыстық балалар үйі» ММ-нің директоры Луара Батырғалиева, БҚО бойынша «Болашақ қоры» директоры Салтанат Тұманбаева, « Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ-нің тәрбиешісі Сандуғаш Тілемисова және кеңсе мамандары қатысты.

Шараны кеңсе меңгерушісі ашып, ұлттық құндылықтарымыз бен халқымыздың бай тарихын дәріптеу арқылы өскелең ұрпағымыздың сана-сезімін жаңғыртып, бәсеке қабілетті, жан-жақты білімді болашаққа қадамын нық сеніммен басар жастарды тәрбиелеу басты міндеттің бірі екендігін атап өтті.

БҚО бойынша «Болашақ қоры» директоры Салтанат Туманбаева қоғамдық сананы жаңғыртудың іргелі бағыттары бойынша, ұлттық мәдениетімізді, туған жердің тарихын біліп тануға бағытталған кешенді іс-шаралардың өлкемізде кеңінен жүзеге асып жатырғандығын баяндады.

Дөңгелек үстел жұмысын қорыта келе, қатысушылар  халқымыздың мәдениеті, тілі мен салт-дүстүрін, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына дарытып, санасын жаңғыртуға барынша атсалысып, бірлескен іс-шараларды жие өткізу туралы тұжырымға келді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі