Әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ҚК 130 б. 1 б. (жала жабу) бойынша  қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Батыс Қазақстан обылысы Зеленов ауданы Мичурино ауылының тұрғыны ҚР ҚҚ 130 б. 1 т. бойынша көршісін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сотқа жеке айыптау шағымын түсірген.

Жеке айыптаушы қызды иттің тістеп алуы  туралы әкімшілік ісінде  жалған мәліметтер бергені, сонымен қатар ол көршісіне қарсы айғақсыз толық емес мәлімет таратқанын, яғни, жала жабу және де жалған айғақтар беру, оның беделіне абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін әйелді жауапкершілікке тартуды сұраған.

Сот іс материалдарын куәгерді және тараптардың дәлелдемелерін зерделеп,  сотталушыны ҚР ҚК-нің 130-бабы 1 бөліміне сәйкес, кінәлі емес деп танып, оның әрекеттерінде қылмыстық теріс қылықтың құрамы болмағандықтан ақтады.

Сот заңсыз қылмыстық жауапкершілікке келтірілген залалды өтеуге ақталғанның құқығы барын таныды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі