Мемлекеттік тілде құжат алмасу бойынша семинар
БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Бурамбаев салық органдары өкілдеріне «Мемлекеттік тіл сот жүйесінде. Кіріс-шығыс хат-хабарларды мемлекеттік тілде жолдау» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға БҚО МАӘС мамандары мен Орал қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.
А.Бурамбаев өз сөзінде, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы қажет екендігін түсіндіріп өтті.