Оралда судьялар мен құқық қорғау органдарының өкілдері сот актілерін орындаудың өзекті мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында "Сот актілерін орындау" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.

Іс-шараға облыс соттарының төрағалары мен судьялары, прокуратура, ҚАЖД, ІІД, ІІБ өкілдері қатысты

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов іс-шараны аша отырып, «дөңгелек үстелдің» мақсаты сот актілерін орындаудың өзекті мәселелерін талқылау екенін мәлімдеді.

Облыстық соттың судьясы Ниязбек Ділдәбековтің айтуы бойынша,  ҚР Бас Прокуроры орынбасарының хатына сәйкес, 2016 жылы құқық қорғау және арнайы органдарымен 4396 қылмыскер, ағымдағы жылдың 4 айында 1297 тұлға, оның ішінде сот қаулылары бойынша 2016 жылы 2286 тұлға, ағымдағы жылдың 4 айында 863 тұлғаның немесе 52%  іздестіруге жарияланған.

Бұл ретте ол атап өткендей, көрсетілген санның ішінен 1611 (2017ж. 4 айында- 488) немесе 70,5% алғашқы күндері-ақ бірден ұсталған, алайда, олардың көпшілігі іздестіруде жүргендері туралы білмеген, себебі алдағы сот отырысы туралы хабарландырылмаған, не болмаса дәлелді себептер бойынша келмеген.

Н.Ділдәбеков мысалдар келтіре отырып, мәжбүрлеп алып келу туралы қаулыны жіберу кезінде полиция тұлғаны тұрғылықты жері бойынша таба алмай, осыған байланысты оған іздеу жарияланатыны, алайда аталған тұлға басқа соттың қаулысы бойынша изоляторда болу фактілері орын алатынын хабарлады. Анықталғандай мұндай жағдай бірлі-жарым болмай шықты, ал, орын алған фактілер тұлғаларды іздеу санының өсуіне әкеп соғып, олардың құқықтарын бұзады және бұлтартпау шарасы негізсіз өзгертеді. Осыған байланысты, құқық қорғау органдарына мәжбүрлеп алып келу туралы сот қаулыларын формальды орындау практикасын жою тапсырылды.

Сондай-ақ, заңды күшіне енген үкім бойынша соттың өкімін орындамау фактілерінің анықталғанын атап, бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларға қатысты ҚК-нің 63-бабын, яғни, шартты түрде қолданумен, апелляциялық сатыдағы шартты жаза алынып тасталатынын және бірінші сатыдағы сот заңды күшіне енген және сотталғандарды дереу ұстау және түзеу мекемелеріне жазасын өтеу үшін жіберу туралы өкімі шығаратына мысал келтірді. Алайда, көрсетілген тұлғалар ұзақ уақыт бойы өз жазаларын өтемейді және оларға іздеу жарияланбайды.

Хатқа сәйкес, орын алған фактілер сот және ішкі істер органы арасындағы өзара тиісті әрекеттесудің жоқтығын көрсетеді.

Алқа төрағасы А. Жұмағұлов кеңесті қорытындылай келе, жоғарыда келтірілген фактілер БҚО бойынша жоқтығын, бірақ басқа өңірлердегі проблемаларды ескере отырып, кездесуге қатысушыларға хатты бақылауға алып, ал судьяларға назарларын сот актілерінің тиісті орындалуына бағыттауды  атап айтты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: