Орал қаласының №2 соты меншік құқығын қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты меншік құқығын қалпына келтіру туралы талап арыз қарады. Талапкер 2008 жылы жауапкерге жалға берген автобустың иесі болатынын көрсетіп, жауапкерден заңсыз иеленген мүлікті қайтару туралы арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысы барысында жауапкер талап арызға берген қарсылығында автобусты сенімхатпен жүргізіп жүргенін, аталған көлік оған берілмеген, ешқандай қабылдап-алу актісі жоқ екенін көрсеткен.

Талапкердің талап арызын қанағаттандырып, сот осы дәлелдер бір-біріне қайшы келеді, себебі көлікті басқару құқығын ресми түрде рәсімдемей бсқару мүмкін емес деген шешімге келген. Сонымен қатар, осы даулы автобусты жауапкер мас күйінде басқару үстінде ұсталған. Тиісінше, көлікті беру фактісі орын алды.

Ұсынылған дәлелдемелерді бағалай отырып, сот талапкердің талап арызы заңды екенін көрсетіп, қанағаттандыруға жатады  деп санайды. Жауапкерден даулы көлікті қайтаруға ешқандай растайтын дәлелдемелер АПК-тің 72 бабы, 1 тармақшасына сай сотқа ұсынылмады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі