Орал қалалық сотындағы семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында сот мамандарының қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың жүгінімдерімен жұмыс жасау тәртібін түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі С.Қайсарова жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін тіркеу және есепке алу кезіндегі әрекеттер тәртібін сот қызметкерлеріне түсіндірді. Карточканың электрондық есеп формасында сәйкес нысаналар толтырылған соң, мәліметтер мемлекеттік құқықтық есептілікте көрсетіледі. Өтінім тіркелер алдында автоматты жүйеде өтінімнің қайталануы тексеріледі. Өтінімдер ол түскен күні тіркелуге жатады.

Семинарда қатысушылар жүгінімдерді тіркеуге қатысты туындаған мәселелерді талқылады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі