Орал қалалық сотында сотталған тұлғаларға қатысты рақымшылық заңы қолданылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елімізде былтырғы жылдың желтоқсан айынан бастап  сотталғандарға қатысты рақымшылық заңы қолданыла бастады.

Республика Тәуілсіздігінің 25 жыл құрметіне 2016 жылдың 13-ші желтоқсанында Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына қол қойылды. Рақымшылық жасау адамгершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар, ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар, I, ІІ және IIІ топтардағы мүгедектер, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлгендер болып табылатын әйелдерге жүргізіледі.

Өзiне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкiн адам немесе оның заңды өкілінің келісімімен рақымшылық қолданылады.

Аталған Заңның шығарылуына байланысты Орал қалалық сотымен ағымдағы жылдың басынан бастап негізгі жаза бөлігінде рақымшылық заңнамасын қолдану арқылы 397 ұсыным қаралып қанағаттандырылды.

Қаралған материалдардың негізгі бөлігі бойынша сотталғандар жасаған іс-әрекеттер жеке меншікке қарсы қылмыстарды құраса, қалғаны отбасылық қатынастардағы қылмыстық теріс қылықтар, көліктегі құқық бұзушылықтар, бұзақылық, билік өкіліне бағынбау, денсаулыққа жеңіл дәрежелі зиян келтіру сынды құқықбұзушылықтар бар.

Сотталғандарға қатысты ұсынымдар қылмыстық жазаны орындауды қамтамасыз ететін  Батыс Қазақстан облысының Қылмыстық - атқару Департаментінің РУ-170/1, РУ-170/2, РУ- 170/3 мекемелерінен, пробациялық бақылау қызметтерінен түседі.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі