Орал қалалық сотында келісімдік іс – жүргізу процесінде қылмыстық істерді қарау тәжірибесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Процестік келісім – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, сотталушы  арасында жасалатын келісім

Жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру   онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында жүргізіледі

Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім күдікті   өзі  ерікті түрде ниет білдіргенде; онымен келтірілген күдікке, айыптауға, іс бойынша дәлелдемелерге, зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпағанда; процестік келісім жасасуға жәбірленуші келіскен кезде жасалынады.

Қылмыстық процестің барлық қатысушыларына аталған өндірістің қолданылуы тиімді, себебі бұл институт қылмыстық істердің жедел қаралуына септігін тигізеді.  

Қазіргі таңда Орал қалалық сотының өндірісінде процессуалдық келісім жасақтаумен 82 тұлғаға қатысты 68 қылмыстық іс қаралған.

Процессуалдық келісімді кеңінен қолдану қылмыстық процестің жеделдетілуіне,  азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру мақсаттарына жетуге бағытталған.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі