Орал қалалық сотында 2016 жылдың жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында 2016  жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Шара барысында сот төрағасының м.а. С.Кадралиева 2016 жылдың 9 айы бойынша статистикалық мәліметтерді жариялап, оның ішінде түскен және аяқталған қылмыстық істер мен материалдардың саны, жаза тағайындау тәжірибесі, тергеу судьяларының өкілеттілігі туралы хабарлады.

Есептік кезеңде сот өндірісінде 967 қылмыстық іс аяқталып, 686 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, 776 тұлға сотталды.

Көрсетілген мерзімде сот актілерін орындау барысында 1059 материалдар қаралған. Сонымен бірге тергеу судьясының өкілеттіліктері туралы ақпарат та айтылды. Қазіргі таңда бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында Заң үстемдігін, жариялылықты қамтамасыз ету бағытында сотпен бірқатар жұмыстардың атқарылып жатырғанын, сот отырыстарының аудио, бейне жазбаға жазу арқылы жүргізілетінін айтып өтті.

Шара  соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі