Орал қалалық №2 сотының жаңа төрағасы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов  ҚР Президентінің 14.06.2017ж. Жарлығымен Казталов аудандық №2 сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Орал қалалық №2 сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Азамат Бурамбаевты ұжымға таныстырды.

Бурамбаев Азамат Жұмаұлы 1975 жылы туған.

1997 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын, 2000 жылы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының заңгерлік факультетін бітірген.

2002-2009 жылдары БҚО бойынша Соттар әкімшісінің Шыңғырлау аумақтық учаскесінде сот орындаушысы, кейін Шыңғырлау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қызметін атқарған.

Судьялық қызметін 2009 жылы Орал қалалық №2 сотының судьясы лауазымынан бастап, 2013-2017 жылдары Казталов аудандық №2 сотының төрағасы болып жұмыс жасаған.

Сонымен бірге, судьялар корпусы жаңа судьялармен толықты. Ұжымға бұрын Ақжайық аудандық сотының судьясы болған Софья Ахмерова және Ақтөбе қалалық сотының судьясы қызметін атқарған Гүлдана Суханова таныстырылды.

Б.Әметов әріптестеріне жауапты орында сот төрелігін сапалы атқаруға, судьялық әдеп Кодексін сақтауға және жалпы судьялар корпусының алдына қойылған міндеттерді орындауды тапсырды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: