Облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов және судьялар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде "Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау" тақырыбында дәріс оқыды.

Шараға студентермен бірге ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы және "Жас отан" жастар қанаты Батыс Қазақстан филилалының төрағасы сонымен бірге, БАҚ өкілдері, барлығы екі жүзден астам адам қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Аметов өткен жыл Қазақстанның сот жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің бастауы болып, Ұлт Жоспары іс жүзінде қамтамасыз етіліп, сот жүйесіне қатысты барлық жаңашылдықтар елімізде заңнамалық деңгейде қарқынды жүзеге аса бастағанын хабарлады. Ол өз сөзінде елдің құқықтық алаңында болған түбегейлі өзгерістерге сәйкес, Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы тапсырмасына тоқталды. "Ұлт Жоспарының 17-қадамына сәйкес, Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соған сәйкес судья лауазымына үміткерлердің еңбек өтілі мен жасына қойылатын талаптар өзгертілгенін хабарлады. Б.Әметов тыңдаушыларға Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының стратегиялық бағыттары жөнінде айтып, әрбір қазақстандық үшін мақаланың маңыздылығын атап өтті.

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев өз кезегінде, қылмыстық заңнамадағы жаңа енгізілімдер туралы әңгімеледі. Ол құзыретіне қарау, тінту, жеке тінту және алуды санкциялау мәселелері енген, тергеу судьяларының институтын күшейту туралы айтты. Сонымен қатар, оларға қылмыстық теріс қылық және келісімдік өндіріс ұғымы кіреді.

Сонымен қатар, судьялар корпусының спикерлері қатысушыларды республика судьяларының VII съезінде қабылданған жаңа судьялық әдеп кодексімен таныстырып,  судьялыққа үміткерлерді іріктеудің жаңа жүйесі және жұмыс жасап жүрген судьяларға қойылатын талаптардың күшейттілгендігі туралы айтты.

Тыңдаушылар назарына «Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең» атты деректі фильм ұсынылды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: