Облыстық сотында БҚО-ның соттары шығарған сот актілерін жіберу және орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық сотта сот актілерін АИС ОИП жүйесі бойынша жіберу және орындау сондай-ақ, олардың орындалуын бақылау мәселелері бойынша "дөңгелек үстел" өтті.

Іс-шараға БҚО бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Н.Қажғанов, мамандандырылған, қалалық және аудандық соттардың кеңсе меңгерушілері, облыстық прокуратура, БҚО өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының және БҚО Әділет Департаменті атқару өндірісін  қамтамасыз ету басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар электрондық атқару парақтарын АИС ОИП бағдарламасы бойынша жіберу кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Орал қалалық сотының кеңсе меңгерушісі С.Қайсарова сотталғандардың ЖСН-нің, сондай-ақ, олардың БҚО өңірлік сот орындаушылары палатасында тіркеуде болмауларына байланысты  сот орындаушыларының атқару парақтарын қабылдаудан бас тартуына қатысты мәселелерді атап өтті. Спикер атап өткендей, аталған мәселелер жеке сот орындаушыларымен бірлескен мәжілісте талқыланды және олар бойынша АИС ОИП базасына тіркеу мүмкіндігі туралы тиісті түсініктемелер берілді. Бірақ, түсіндіру жұмыстарына  қарамастан, сотталған адамның ЖСН болмауы  себебінен атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулыны алу жалғасуда. Дегенмен, мемлекеттік сот орындаушылары мұндай атқарушы парақтарды тіркейді және орындайды.

Жеке сот орындаушыларының арасында атқарушы парақтарды бөлу тәртібі туралы БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары С.Жамалиева баяндады.  БҚО ӘД атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы П.Қабылбеков соттардың сот актілерін орындау қажеттілігі туралы ескертулеріне ден қою шаралары туралы айтты. Сот актілерінің орындалуын қадағалауды жүзеге асыру туралы облыс прокурорының аға көмекшісі Б.Ахметжан хабардар етті.

Іс-шара барысында қатысушылар ұсыныстарын және сот актілерін өз уақытында орындау мәселелерінің шешу жолдарын ұсынды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: