Жаңалықтар

Кішкентай баланың денесіне зақым келтірген

25/04/2024

Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-1 бөлігімен азамат «Ф»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Судьяны тағайындау

24/04/2024

Бүгін Бөрлі аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы Серік Мыңбаев жаңадан тағайындалған аудандық соттың судьясы Халелов Альберт Нұрғалиұлын ұжыммен таныстырды.

Кеңеске Бөрлі аудандық сотының төрағасы, Судьялар, Сот әкімшісінің басшысы, сот мамандары, Бөрлі ауданының прокуроры қатысты.

Халелов Альберт Нұрғалиұлы, 23.05.1988 жылы Зеленов ауданы, Январцево ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2023 жылы ҚР ЖС жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

24/04/2024

А. ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3- тармағымен (аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілген.

 

Сотпен анықталғандай, Орал қаласының тұрғыны А. 2023 жылдың 14 маусымында Ақтөбе қаласында «кептірілген марихуана» есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласына заңсыз тасымалдап, өткізу мақсатында сақтаған.

"Нашақорлық-қоғам дерті"

24/04/2024

Жаңақала аудандық сотының төрағасы М.Бактыгулов Жаңақала және Көпжасар ауылдарында орналасқан жалпы орта білім беретін мектептерде 9-11 сынып оқушыларына "Нашақорлық-қоғам дерті" тақырыбында дәріс оқыды. Шараға мектеп директорлары, мұғалімдер, аудандық білім беру бөлімінің басшысы қатысты.

Баспасөз хабарламасы

24/04/2024

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С. және Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, оларды

ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, пышақты қолданып жасау және

Жасөспірімдермен кездесу өтті

23/04/2024

Кәмелетке толмағандардың психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз таралуын болдырмау мақсатында Шыңғырлау аудандық сотының судьялары Л.Клышев атындағы Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Сот төрағасы С.Оразғалиева жасөспірімдерге кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы айтып, сот практикасынан мысалдар келтіре отырып, есірткі заттарын тұтынудың зияны мен салдары туралы түсіндірді.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту

23/04/2024

Сырым аудандық сот  әкімшісімен  «Сырым аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен  «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге Сырым аудандық соты әкімшісінің  аға сот приставы И.Садыков   және «Сырым аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері  қатысты.

Судьяларды тағайындау

23/04/2024

Бүгін облыстық соттың төрағасы Р. Мырзакәрім сот ұжымына 19.04.2024 жылғы Қазақстан Республикасы  Президентінің № 523 Жарлығы негізінде жаңадан тағайындалған судьялар А.Халеловты, Қ.Хайрушеваны, Р.Демеуовты, А.Кадисовты, Ж.Сағынбаеваны және А.Халыкованы таныстырды.

Сондай-ақ, отырысқа алқа төрағалары, облыстық сот судьялары, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары мен төрағалары бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Судьяға алғыс айтылды

22/04/2024

Батыс Қазақстан облыстық сотына "Сот кабинеті" АЖ-і арқылы азамат М. Фомичевтен алғыс хат келіп түсті.

Хаттың авторы азаматтық істі жан-жақты және әділ қараған Орал қаласы № 2 сотының судьясы Г. Мусауроваға үлкен алғысын білдіруде.

Ол хатында "оқу кезеңіне алимент өндіріп алу"туралы талап  қарағаны үшін судьяға алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік пен табыс тілеген.

Беттер