Облыстық сотта қылмыстық-құқықтық тақырып бойыша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьяларға арналған қылмыстық-құқықтық тақырып бойыша семинар өтті.

Шараны алғы сөзбен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов ашты.

Семинар барысында қылмыстық алқаның судьялары қылмыстық істерді кассациялық қараудың қорытындылары бойынша ҚР Жоғарғы Сотының қысқаша шолуын жасады.

Сонымен қатар, сот төрелігінің электрондық даму мәселелері қозғалып, семинарда сот шешімдерін дайындау барысында әрі қарай  жұмыста қолдану үшін, қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған республика судьяларына арнап ендірілген  «Жазаны тағайындау» пилоттық сервисі ұсынылды.

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Алмаз Гильмановтың айтуынша, пилоттық сервис «Электронды қылмыстық іс» жобасымен байланыста іске асырылады және ҚІЖК және ҚК нормаларының негізінде қылмыстық істің интеллектуалдық талдауының алгоритмдер жиынтығын құрайды, жасалған қылмысқа және сотталушының тұлғалылығына мөлшерлес жаза тағайындауға дұрыс бейімделуге және сот шешімін дайындау барысында судьяларға заңнаманың барлық сәйкессіздіктерін автоматты түрде айтып отырады.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: