Облыстық сотта БҚО бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов ұжымға бұрын басшының орынбасары лауазымын атқарған, БҚО бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Қажғанов Нұрлан Еркінұлын таныстырды.

Нұрлан Қажғанов 24.05.1970 жылы Тайпақ ауданының Жанама ауылында туған. Екі жоғары білімі бар. 1996 жылы Атырау мұнай және газ институтын, 2001 жылы Басқару және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Ақжайық аудандық №2 сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы лауазымынан бастаған. 2007 жылдың мамырынан 2010 жылға дейін Ақжайық аудандық №2 сотының кеңсе меңгерушісі, 2010 жылдың ақпанын 2014 жылға дейін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымдарын атқарған. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі, 2016 жылдан БҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

Облыстық соттың төрағасы Б.Әметов жаңа басшыны лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне жемісті еңбек тіледі.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: