Облыс судьялары республика соттарының істерді оңайлатылған тәртіппен қараудың сот тәжірибесі туралы Жоғарғы сотының қорытуын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында АІЖК-нің 434- бабының 2-бөлігіне сәйкес республика соттарының кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын істерді қарауының сот практикасы туралы Жоғарғы Соттың қорытуын зерттеу жөнінде облыс судьяларымен семинар өтті.

Шара барысында облыстық соттың судьясы Ляззат Устагалиева республика соттарының істерді оңайлатылған тәртіппен қараудың сот тәжірибесі туралы шолу жасады. Осындай істер бойынша шешімдердің күшін жоюының себебі, жауапкердің талап арыздың түскені және істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы хабарламаны алмауында. Спикер атап өткендей, жауапкерге хабарламаны тиісті түрде жеткізу үшін, соттар  жауапкерлерді хабарландырудың кез-келген қол жетімді тәсілдерін қолдану шараларын қабылдап, ұялы байланыс құралын пайдалана отырып, талап-өтініштерде көрсетілген нөмірлерге хабарлауды ұсынды. Бұдан басқа, соттар заң шығарушы олар бойынша осы баптың 1б. санамаланған санаттары бойынша істерді жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға міндеттейтін, АІЖК-нің 145-бабының 2-тармағы талаптарының сақталуын назарға алуы керек.  Сондай-ақ, істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қараған бірінші сатыдағы соттың қателігі, одан әрі сот актісін кассациялық қайта қарау мүмкіндігін болдырмауға әкеп соқтыруынан, талап қою өндірісінің ережелері бойынша қарауға жататын істерге де назар аудару қажет.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: