Облыс соттарының ғимараттарында қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық сотында облыс соттарының ғимараттарындағы қауіпсіздікті тиісінше қамтамасыз ету мәселелесі бойынша "дөңгелек үстел" өтті. Шара БҚО бойынша Соттар әімшісінің басшысы Р.Аманқұловтың басшылығымен, Соттар әкішісінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (МКҚБ) өкілдерінің қатысуымен өтті.

Сот ғимаратына кіргізу тәртібі облыс соттарының ғимараттарына және аумағына бөгде адамдардың өтуін болдырмау, сот ғимараттарының антитеррористік қорғалу деңгейін көтеру, тыйым салынған нәрселер мен заттарды соттың аумағына алып өтуді болдырмау сонымен қатар, судьялардың, қызметкерлердің және сотқа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген.

Сондықтан соттардың аумағына және ғимараттарына келушілерді өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету үшін облыс соттарының ғимараттарын техникалық құралдармен тиісінше қамтамасыз ету «дөңгелек үстелде» басты мәселелердің бірі болып қаралды.

Сонымен қатар, белгіленген тәртіпке сәйкес сот ғимарттарының сыртқы жарықтандырылуы мен қоршалуы, сонымен бірге, күзетілетін нысанның аумағына бейнебақылау жүйесін орнату мәселелері талқыланды.

МКҚБ қызметкерлері атап өткендей, қажетті құралдармен тиісінше материалды-теникалық қамтамасыз ету, күзетілетін нысанның қауіпсіздігін және террористік қауіптілікке және төтенше жағдайларға ден қою деңгейі мәселелерін шешуге ықпал етеді.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға облыс соттарының ғимараттарында бар қауіп-қатерді төмендету бойынша нақты тапсырмалар белгіленді.

Соттар ғимараттарына өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша осындай отырыстар облыстың барлық соттарында өткендігі туралы айта кеткен жөн.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: