Нұсқаманы орындамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігі бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, бақылау тексеру барысында құқық бұзушы  БҚО бойынша мемлекеттік жерді пайдалану мен қорғауға қатысты бақылау бөлімімен шығарылған нұсқаманы орындамағаны анықталған.

Бақылау тексеру кезінде пайдалану барысында бүлінген жер телімінің бастапқы жарамды қалпына келтірілмені анықталған.

Сот қаулысымен құқы бұзушы  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 462-бабының 3-бөлігімен (кедергі жасау, - лауазымды адамдарға мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының қызметтік міндеттерін атқаруына, қаулыларын, нұсқауларын және өзге де талаптарын) кінәлі деп танылып, оған 5 айлық есептік мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі