Нашақорлық қылмыстық ісі бойынша үкім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш тұлғаға қатысты нашақорлық қылмыстық ісі бойынша үкім жариялады.

Сотпен анықталғандай, Т.Бавгашев Қызылорда қаласында есірткі заты «марихуанамен» айналысатын қылмыстық шеңбердегі танысымен 2016 жылы ақпан айында жеткізушімен хабарласып, есірткі затын сатып алу үшін оның А.Мукатовпен кездесуін келістірді. Т.Бавгашев А.Мукатовпен байланысқа Д.Бердикулов арқылы шыққан.

А.Мукатов Қызылорда қаласына барып, есірткі затты жеткізушіден сатып алып Орал қаласына Д.Бердикулов жалдаған пәтерге есірткі затын әрі қарай сақтау үшін алып келген.

Үшеуіде жалдамалы пәтерде Қызылорда қаласында алынған  аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана»  есірткі затын  бөліп салу барысында полиция қызметкерлерімен  ұсталған.

БҚО ҚІЖМАС-ның үкімімен Т.Бавгашев, А.Мукатов және Д.Бердикулов ҚР ҚК-нің  297 бабы 3 бөлігі 1,3 тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау мақсатымен) айыпты деп танылған.

Сот Т. Бавгашевке 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, ҚР ҚК-нің 60 бабын қолданумен қылмыстардың жиынтығымен 2013 жылғы 8 сәуіріндегі соттың үкімімен өтелмеген жазасын қосып, түпкілікті 15 жыл мерзімге мүлкі тәркіленіп бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу үшін ерекше режимдегі түзеу колониясы тағайындаған. ҚК-нің 14 бабы 2 бөлігі 2 тармағына сай, оның  іс-әрекетінде аса қауіпті қайталануы танылған.

Сот А.Мукатовқа 11 жыл  мерзімге мүлкі тәркіленіп бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу үшін қатаң режимдегі түзеу колониясы тағайындаған.

Сот Д.Бердикуловқа 10 жыл  мерзімге мүлкі тәркіленіп бас бостандығынан айырылған, жазасын өтеу үшін ерекше режимдегі түзеу колониясы тағайындаған.

ҚК-нің 14 бабы 2 бөлігі 2 тармағына сай, оның іс-әрекетінде аса қауіпті қайталануы танылған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі