Мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2 соты  мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы аудан тұрғының арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс-материалдарынан көрінгендей, арыз берушінің інісі 2013 жылы қайтыс болған. 2017 жылдың мамыр айында Теректі аудандық мемлекеттік кірістер басқармасынан інісінің атындағы жеңіл автокөліктің салығын төлеу жөнінде хабарлама келген кезде інісінен мұраға тұрғын үйі жер телімімен, банкідегі ақша салымы және жеңіл автокөлігі қалғанын білген. Мұраны рәсімдеу қажет екенін түсініп, мұраға құқық беру туралы куәлікті алу үшін арызымен нотариуске жүгінген уақытта мұраны қабылдау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қабылдаудан бас тартып, сотқа жүгінуге болатындығы туралы түсіндірілген.

Сот мәжілісінде арыз иесі мұраны қабылдаудың алты айлық мерзімін құқықтық сауатсыздығынан өткізіп алғанын айтып, өткізілген мерзімді дәлелді деп танып, қалпына келтіруді сұрады. 

Сот шешімімен арыз қанағаттандырылып, мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі