М.Өтемісов ат. БҚМУ студенттері экономикалық сотында болып, соттың жұмысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының  мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотында М.Өтемісов  атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетінің  3-4 курс студенттері болды.

Кеңсе  меңгерушісі  Ж.Өтегенова студенттерге сот қызметі, соттардың   ашықтығы және  қолжетімділігі  деңгейін көтеру мақсатында пайдаланылып отырған  «Сот кабинеті», «Сот кабинетінің  мобильдік бағдарламасы», «Электрондық шақыру қағазы» сервистері секілді техникалық жаңалықтарды пайдалану,  мемлекеттік  органдарда  электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесі  және сот процесіндегі  үн – бейне таспа құралдарын пайдалану жүйелері туралы  айтып өтті.   

Кездесу барысында Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының басты басымдылықтарының бірі - халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруды жүзеге асыру,  және судьяның  қызметіне қандай-да бір заңсыз ықпал етулерді жою сонымен бірге, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері туралы айтылды.

Өмірлік іс-әрекеттер бойынша  алға  қойылған басты  міндеттер біздің тұтастығымыздың негізі болуы тиістігі айтылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: