Мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдарда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық сотында аудандық соттың кеңсе қызметкерлерінің қатысуларымен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдарда» атты тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында  кеңсе меңгерушісі Р.С.Каженов өз сөзінде, мемлекеттік тілді дамыту және сақтау біздің еліміздің әр азаматының парызы екенін, Қазақстан Республикасының сот жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып, елімізде барлық қолданылатын тілдерге сыйластық қатынас және құқықтық кепілдер қамтамасыз етуге шақыратын іс жүргізу тілінің конституциялық ұстанымы сақталатынын атап өтті.

Шара барысында қатысушылар мемлекеттік тілдегі істерді көбейту және өтініштермен шағымдарды қабылдау барысында халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы айтылды.

Қатысушылар семинар тақырыбы бойынша туындаған сұрақтарды талқыға салды.

 

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі