Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданарарлық экономикалық сотында сот мамандары арасында семинар өтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді.

Семинарды соттың кеңсе меңгерушісі Ж. Утгенова ашып, мемлекеттік қызметті атқару мемлекет пен қоғам жағынан ерекше сенім көрсетілетінін және мемлекеттік қызметшілердің моральдық - этикалық өзгеріске жоғары міндеттер қойылатынын атап көрсетті. Мемлекеттік қызметте киім үлгісі маңызды роль атқарады,  көпжақты ақпарат береді: эстетикалық талғамын, анықталған қоғамдық топқа жататындығын, қоршаған адамдардың қарымқатынасын көрсететіндігін айтып түсіндірді.

Сот мамандарына басты мақсат мемлекеттік қызметшілердің моральдық адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын түсіндірілді.

Семинарда сот мамандарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп Кодексінің нормаларын қатаң сақтау, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін түсірмеуге жол бермеу тапсырылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: