Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған салтанатты шара

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған салтанатты шара өтті. Шараға БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов, құрылымдық бөлімшелердің мамандары, қалалық, мамандандырылған соттарының кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты.

Н.Қажғанов алғы сөзінде әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Өздеріңізге белгілі, жыл сайын 23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Бұл кездейсоқтық емес, мемлекеттік қызметші бірінші кезекте мемлекеттің бет-бейнесі, сондықтан халық бізден кәсібилікті, адамгершіліктің жоғары деңгейін, отансүйгіштік пен заңдылықты сақтауды талап етеді. Мемлекеттік қызметшінің халқының мүдделеріне адалдығы мемлекеттік органдарда қызмет етудің басты шарты және мемлекеттік реформаларды орындаудың жолсерігі болуы тиіс. Сондықтан, қызметке орналасу кезінде әрбір қабылданған қызметкер мемлекеттік әкімшілік қызметшінің антын қабылдайды», - деді Н.Қажғанов. 

Басшы өз сөзінде барлық қызметшілерге жақсы нәтижеге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін сапалы орындауға тілек білдірді.

Персоналды басқару бөлімінің басшысы Ақтолқын Оразғалиева "ҚР қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет" тақырыбындағы баяндамасында мемлекеттік қызметтің құқықтық институтының бастау алуы, мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру үшін оны реформалау туралы айтты.

Кәсіби мереке шеңберінде әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдауы өтті. Н.Қажғанов мемлекеттік қызметті дамытуға және нығайтуға үлес қосқан сот жүйесінің бірқатар қызметкерлерін марапаттады.

Департамент басшысының м.а. К.Елібаевтың өкімімен Жоғарғы Соттың II дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Жұмағалиева Фарида марапатталды.

Персоналды басқару бөлімінің бас маманы Әсел Ахметқалиеваның еңбегі аталып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Соттар әкімшісі басшысының құрмет грамотасымен құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары: Асхат Түсіпов, Нұрбек Батырханов, Даурен Катепов, Ринат Әділгерей және Ғалия Наурызғалиева, қалалық және мамандандырылған соттардың мамандары Анар Таджимова, Светлана Сисенова, Миргүл Өтешқалиева, Светлана Қабдығалиева, Мэри Габдшакирова және Динара Камеш марапатталды.

Шара соңында әріптестерге құттықтау тілектері жолданды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: