Медиатордың көмегімен отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала  аудандық соты медиация тәртібімен некені бұзу туралы  азаматтық істі қысқартты.

Өзінің талап арызында талапкер жауапкермен 2012 жылы неке құрып, ортақ некеден екі кәмелетке толлмаған балаларын тәрбиелеп отырғанын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан некесі жараспағанын көрсеткен. Ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу, және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.

Сот отырысы барысында төрелік етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар Тасқала ауылдық округінің кәсіби емес медиаторының қызметіне жүгінді.

Нәтижесінде тараптар арасында туындаған дау, медиатордың қатысуымен бітімгершілік рәсімімен аяқталды.

Сот ҚР АІжК-нің 247 бабы 4-1 тармағына сай, іс бойынша  өндірісті  медиация тәртібімен қысқарту туралы ұйғарым шығарды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі