«Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу және алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сайқын ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «алкоголизмнен еріксіз емдеу және алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге жергілікті полиция өкілдері, аудандық орталық аурухана басшысы және «Ардагерлер» қоғамдық ұйымының өкілдері, Сайқын ауылдық округінің әкімі және жергілікті «Орда» жұлдызының тілшісі қатынасты.

Модератор ретінде судья Г.Сагитова баяндама жасады. Гулжихан Сагитова АПК-нің 39-тарауы бойынша алкоголизммен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп жіберу туралы арызды беру тәртібі мен негіздерімен ағымдағы жылдың 5 айда денсаулық сақтау мекемесінің бастамасымен қаралған істердің тәжірбиесіне тоқталды. Маскүнемдіктің алдын алу профилактикалық шараларын жүзеге асырау барысында денсаулық сақтау ұйымы мен ішкі істер органының бірлесіп жұмыс істеу қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Гүлжихан Сагитова алкоголизммен ауратын науқасты олардың келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу қоғамдық ұйымдардың бастамасымен мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің өкілі арыз бере алатыны айтылып өтті.

Кездесуде аудандық аурухана мен жергілікті полиция бөлімінің басшыларының пікірлері тыңдалып, аталған тақырып бойынша ұйғарымдар шығарылды. 

Қайнар: 
Бөкейордасы аудандық соты
Тегтер: