ҚЫЗБЕН СӨЙЛЕСУДІҢ ҚҰНЫ ҚЫМБАТҚА ТҮСТІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы телефон арқылы сөйлесулері үшін Тасқала ауданының тұрғынынан 900 мың теңге өндіру жөнінде сотқа шағымданды. Сот бұл талапты қанағаттандырды.

Іс материалдарынан көрініп отырғанындай абонент қалааралық байланыс арқылы сөйлесулері үшін бір аптада «Қазақтелекомға» 860 мың теңге бережақ болып қалған. Сот барысында анықталғанындай «Қазақтелеком» абонентінің әскерден оралған ұлы интимдік қызмет көрсететін фирмадағы қызбен сыр шертіскен. Жауапкердің айтуына қарағанда ол аталған фирмамен ұялы байланыс арқылы сөйлесудің бір минутының құны 330 теңге екенін білмеген.  Айналып келгенде жеті күндік сөйлесулердің бағасы шарықтап шыға келіпті.

Ал үйдің телефоны жас жігіттің әкесінің атына тіркелгендіктен, «Қазақтелеком» сол өз тұтынушысына талап қойып отыр.

 Сот барысында жауапкер талапты мойындап, телефон байланысының қызметі үшін төлем төлемегенін теріске шығармайды. Бұл тұрғыда жауапкердің жазбаша арызы бар.

Тасқала аудандық сотының шешімімен «Қазақтелеком» абонентінен 900 мың теңге көлемінің шамасындағы бережағы өндірілген.

Алай да кейіе жауапкер материальдық құқық нормаларының бұзылғандығына сілтеме жасай отырып, әуелі апелляциялық, сосын кассациялық сот алқаларына шағымданып, талапты қанағаттандырудан бас тартуды сұраған. Атап айтқанда жауапкер сот өндірісі тілінің бұзылғандығын көрсетеді. Іс орыс тілінде қаралған. Ал  жауапкер сот отырысының барысында аудармашы сұрамаған, сот өндірісі жүргізіліп жатқан тілді білмейтіндігін көрсетпеген.

Сол себепті жоғары тұрған сот сатысы жауапкердің шағымын қанағаттандырмаған.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі