Дс, 17/07/2017 - 15:48
Инновациялық технологияларды кеңінен қолдану – сот ісін жүргізуді жетілдірудегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Сот талқылауын бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізу – көшпелі сот отырысын өткізбей-ақ жүргізуді қамтамасыз етеді.
Көптеген соттарда сот ісін жүргізуде нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуға және оны өңдеу үшін екі немесе одан да көп шалғайдағы абоненттердің интерактивтік өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін бейнебайланыс жүйесін қолдану мүмкіндіктері пайда болды. Бұл технология сот ісін жүргізудің сапасын және тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Бүгінгі күні, соттар Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерімен бірлесіп «Қашықтағы сот процесі» жобасы аясында қылмыстық істерді және материалдарды қарау кезінде сот отырыстарында сотталушыларды, сондай-ақ тергеу изоляторларында және бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдарды этаппен апарусыз бейнеконференцбайланыс жүйесімен қарауды қолдануда.
Орал қалалық соты 2017 ж. 1-ші жартыжылдығында жазаны орындаумен байланысты 406 ұсынымды қала аумағында орналасқан ҚАЖ РУ -170/1, РУ – 170/2, РУ – 170/3 түзету мекемелерінен бейнебайланыс арқылы қарады.
Халыққа қызмет көрсету барысында IT-технологиялары белсенді түрде қолдану - азаматтармен өзара іс-қимылды неғұрлым ашық етіп, сот төрелігін тиімді жүзеге асыру мақсатын көздейді.